3-тоқсан Бөлім:Балалар мен үлкендер 1. Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Жұмабаев «Батыр Баян»
7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
• Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма:
Көркемдегіш құралдарды сәйкестендіріңіз.
Осылай іштен күйген батыр Баян,
Баянның батырлығы алашқа аян.
Баянның інісі бар он бес жаста –
Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян. Эпифора
Балқаш қой, бұл айдыны, сылдыр қаққан, Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан. Ассонанс
Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.
Арқаның аруы боп жүрсем-дағы,
Алыста туған, өскен жерім жатыр. Анафора
Жас Ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті... Риторикалық сұрау
Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?
Тобына көк бөрідей кірдім неге? Синекдоха
Қалың қол ортасында Батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен
Аузынан көбік болып бұрқырап қан. Эпитет
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сұм сұлу анадайдан «ағатайлап». Аллитерация
Дескриптор Білім алушы
- көркемдегіш құралдарды ажыратады;
- ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді.
2. Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»
Оқу мақсаты 7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білім алушы
• Шығарма эпизодтарын талдайды
• Кейіпкерлер бейнесін салыстырады
Қолдану
2-тапсырма:
Шығарма эпизодтары мен Көксерек бейнесін салыстырып, талдаңыз.
Көксерек бастаған қасқырлардың ат-шаналы жалғыз жолаушыны қамаған сәті Түйелі адаммен қақтығыста жараланған Көксеректің әрекеті мен бейнесі
Эпизодтарды қолданып, нағыз көкжалға айналған Көксерек бейнесін талдаңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- эпизодтарды салыстырады;
- шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды;
- берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды;
- сипаттаулардағы бейнені салыстырады.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор
Білім алушы
• Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды
1-тапсырма - көркемдегіш құралдарды ажыратады;
- ұяшықтарды дұрыс сәйкестендіреді.
3
3
- эпизодтарды салыстырады;
- шығарма эпизодтарын қолдана отырып талдайды;
- берілген эпизодтардағы Көксеректің әрекетін таниды;
- сипаттаулардағы бейнені салыстырады. 1
1
1
1
Барлығы: 10
Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес.
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 66 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Ұлы жеңістің күнімен құтты болсын!
Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата апаларымыз аман болсын!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Жеңіс Қасиеттi мен ауыр.
Халықтарды нығайтады, көмектеседі және бiзге дейiн жетедi.
Жеңіс - біздің ата-бабаларымыздың батырлығы.
жетістік, салтанат, мейрам.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)