3-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, «Менің туған өлкем поэзия мен прозада» деген тақырыпта шағын мәтін құра. Мәтінде деректі, де-
рексіз зат есімдерді пайдалан.
Тірек сөздер: туған өлке, сағыныш, арман, асқар тау, көк аспан, махаб-
боm, нұрлы жүрек, шалқар көл, ну орман т.б
Санжар Жапарұлы Асфендияров 1889 жылы 20 — қазанда Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте дүниеге келген. С.Ж.Асфендияров 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкенттегі реалдық училищені бітірді. 1907-1912 жж. Санкт-Петербургтегі Әскери- медициналық академияда оқыды. С.Ж.Асфендияров – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери дәрігер қызметін атқарды. 1919-1925 жж. Ташкентте басшылық лауазымдарды атқарды:
1) 1919-1920 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары;
2) 1921-1922 жж. — Түркістан АКСР-ның Жер ісі халық комиссары;
3) 1923-1924 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары.
1927-1928 жж. Мәскеуде Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры қызметін атқарды. Мәскеу Мемлекеттiк университетiнiң профессоры атағына ие болды.
Қазақстанда 1928 жылы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) қайтадан құрылуына атсалысты. 1929-1931 жж. Қазақ педагогика институтының директоры және тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
С.Ж.Асфендияров Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931-1933 жж.) болды. С.Ж.Асфендияров институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық химия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедрасын ашты. С.Ж.Асфендияров жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қойды. Халық арасында жиі кездесетін өкпе (құрт ауруы), шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медициналық көмек ісін жандандырды.
Санжар Жапарұлы ана тілінен басқа орыс, ағылшын, француз, неміс, латын және шығыс халықтарының тілдерін еркін меңгерген.ответ:
Объяснение:
1) Көңіл-күй одағайларына 5 мысал:
Әттең,қазір жанымда сен болғанда ғой.
Япырау,қайда сол күндер!
Пәлі,мына баланың сөзіне қара!
Сабақ бітті,алақай!
Қап,сол көлікке мінгізіп жіберуім керек еді.
2) Жекіру одағайларына 5 сөйлем:
Тәйт,осы айтқаныңда жетер!
Тек,сен әкең туралы олай айтпа!
Жә,өтіп кеткен нәрсені қазбаламаңдар!
Тәйт!Осы ісің үшін жазаланатыныңды білемісің?
Жә,одан да мына ойынымызды бітірейік!
3) Шақыру одағайларына 5 сөйлем:
Күшігім,күшігім,кә-кә!
Пырс!Кет дастарқанның маңынан!
Шөре-шөре,лағым!
Моһ-моһ,мына жаққа жүре ғой,сиырым!
Кә-кә,ұзама алысқа!