Оқылым 3-тапсырма. Мәтіндерге тақырып қой. Екі мәтінді салыстыр.
1. Қазақстанда қалалық мәдениет ерте ғасырлардан басталған.
Ежелгі Қазақстан жерінде Отырар, Түркістан, Мерке, Аспара, Тараз,
Талғар, Құлан, Құмкент, Жаркент, Сайрам, Сарайшық, Алматы және
т. б. көптеген көне қалалар болған. Отырар қаласы Арыс пен Сырда-
рия өзендерінің қосылған тұсында орналасқан. Ежелгі Отырар қыштан
салған тамдары бар, көшелері кең, керуен кіріп-шығатын қақпалары бар
көрікті қала болған. Осы қалада әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл-
Фараби туған,
Түркістан қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
«Түркістан» сөзі «түріктер мекені» дегенді білдіреді. Түркістанда Қожа
Ахмет Ясауидің кесенесі бар («Сен білесің бе?» энциклопедиясынан).
2. Алматы - әсем, арман қала. Қазіргі кезде Алматы қаласы үлкен
мегаполис, Ол күннен-күнге көркейіп, өсіп келеді. Зәулім ғимараттар
ерекше әдемі,
Ауылдық жердегідей емес, Алматыда қызу тіршілік бір тоқтамайды.
Мен достарыммен ойын-сауыққа барамын, отшашуды тамашалаймын.
Хауызға түсемін. Мен Алматыны жақсы көремін.
Джерело: http://dovidka.biz.ua/zagadki-pro-ruchku-na-ukrayinskiy/ Довідник цікавих фактів та корисних знань © dovidka.biz.ua
Объяснение:
Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл.