2- тапсырма. 86 бет, 4 - тапсырма. Әңгімені оқы. 1. Әңгіменің негізгі ойын анықтау
2. Берілген суреттерді әңгіменің мазмұны бойынша рет реті мен
орналыстыр
Сол күні жұмбақ ға-
ламшардан екі бала келді.
Жұмбақ елден келген бала-
лардың әңгімесі де құпияға
толы еді:
Біз Жердегі тіршілікті
көп зерттедік, деді қонақ-
тың үлкені. - Жер ғаламшары
ғарыштан керемет әдемі көрі-
неді. Бірақ жақындасаң, қатты
қорқасың. Қара қою түтіннен,
улы газдан тұншыға бастайсың.
Көзің қарауытып, басың айналады. Біз ешқайда қона алмай, қатты
қиналдық. Мұхиттарда көк киттердің күңіренгенін, аққулардың таза
суды аңсағанын көрдік. Ал ақ аю мұзды құшақтап қатты жылады. Ор-
мандар өртеніп жатыр, құстар ұясынан айырылды. Жүрегіміз ауырды...
Қап, ұят болды-ау! - деді Мақсат.
- Өздеріңе әдейі келдік, деді екінші қонақ бала. - Табиғат-ананы
ренжітіп алыпсыңдар... Бірақ барлық ақылды бала осы жерде тұрады
екен. Болашақтарың жарқын, көңіл күйлерің, өмірлерің жақсы бо-
лады. Ол үшін Жер-ананы сақтаңдар.
Бәріне жауапты сендерсіңдер. Біз қазақтарды «Күннен келген
халық» деп білеміз. Сендер сол халықтың ұрпағысыңдар. Сондықтан
бәріне жауаптысыңдар! - деді үлкен қонақ.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.