В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
danilhgg52
danilhgg52
12.02.2023 20:11 •  Қазақ тiлi

2. Көздеген жеріне не себепті жетпеді?
3.Әңгімеге желтоқсан оқиғасының қатысы бар ма гіме аты:Прописка

Показать ответ
Ответ:
ksu131287
ksu131287
04.08.2022 23:29

Объяснение:

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.

А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды  үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.

Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін.  Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.

Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.

Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
avokebest
avokebest
15.05.2022 04:19

біздің өміріміздегі роботтар.

роботты құру үшін сізге , , бағдарламалау, электроника салаларындағы білім қажет. жеке өзім «робот» сөзі «жұмыс» сөзіне жақын деп ойлаймын, яғни. әрекеттерді орындау. роботтар тірі ағзалардың бейнесінде және ұқсастығында модельденеді: құстар, медуза, шыбындар, қтар, жәндіктер, қтар.

үйдегі өте қызықты роботтар - көмекшілер. біз оларға үйреніп қалдық және оларды байқамаймыз. олардың әрекеттері белгілі бір бағдарламаларға негізделген, мысалы, микротолқынды пеш, тамақ өңдеуші, ыдыс жуғыш машина, кір жуғыш машина, теледидар, шаңсорғыш. түймені басу, әрекеттер жиынтығы бұл машиналарды күн сайын қажет етеді.

роботтарда не қызық? олардың экстремалды жағдайда жұмыс істеуі өте маңызды. мысалы, судың астында олар күн жүйесінің планеталарын ғарышта зерттейді, өндірісте әртүрлі бөліктердің күрделі жинақтарын жасайды, электронды микро тізбектерді құрастырады. ғылымда көптеген зерттеу роботтары бар. қызықты роботтар - ай ровері, роуер, хаббл телескопы, спутник, ғарыш станциялары. бұл роботты құрылғылар қашықтан басқару және радио сигналдарын қолданады. фукусимадағы жарылыстан кейін арнайы робот ядролық қалдықтарды тазартты. роботтардың негізгі мақсаты ауыр қол еңбегін ауыстыру деп тұжырым жасауға болады. бірақ ең қызығы, осы механизмдердің барлығын ойлап тапты.

ежелгі дәуірден бастап архимед, леонардо да винчи, жак-дро, византиядағы филон, александрия герон сынды ғалым-, инженерлер, механикалық дизайнерлер болды және олардың арқасында заманауи тетіктер жасалды.

күрделі, қымбат робот сынуы мүмкін, ал қарапайым механизмдер керемет. сіз олардың сұлулығын және іс-әрекеттің логикасын түсінуіңіз керек, мысалы, рычагтар, көлбеу жазықтық, олардың көмегімен әйгілі египет пирамидалары салынды. үйде қарапайым механизмдер бар: қайшылар, таразы, әткеншегі, ілгектер, саңылаулар мен жапқыштар, барлығы да таяқшаны - қазғышты қолдануды үйренген кезде ежелгі дүниетанымнан шықты. серіппелер, роликтер, осьтер, блоктар күрделі механизмдердің қозғалысын қамтамасыз етеді. архимедтің кран тәрізді құралы құрметке лайық. бұл механизм - робот жау кемелерін судан шығарды.

ойыншықтарындағы өте қызықты роботтар. ң өздері де осындай ойыншықтармен ойнағысы келеді. мұнда роботтар - динозаврлар, қашықтан басқарылатын автомобильдер, құстар мен жануарлар, трансформаторлар бар. олар нақты дыбыстар шығаратындай қозғала алады. лего дизайнерлері ға модельдерді қалай құрастыруды, шығармашылық пен қиялды үйретеді. кешен қарапайымнан тұратынын, роботтарды жасау мен басқаруда алгоритмділік бар екенін түсінуге үйренеді.

роботтар қызметінің әр түрлі саласында көптеген функцияларды орындайды деп қорытынды жасауға болады. қазіргі уақытта көптеген робот техникасына қызығушылық танытады. оларды оқиды, жасайды, өз қызметінде қолданады. әрине, бұл машиналар белсенді, көп функциялы. мұндай енгізу жаңа мамандықтар, жаңа мамандықтар, ғылыми-технологиялық революцияның жаңа серпін береді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота