1-жаттығу. Үлгі бойынша сөйлемдердегі негізгі етістерді ортақ, өзгелік етістерге (жұрнақ арқылы) өзгертіңіз, мағынасын түсіндіріңіз Үлгі: Шешем ыдыс-аяқ жуды – ыдыс-аяқ жу-ыс-ты, ыдыс-аяқ жу-ғыз-ды.
1. Әкем ауылға хат жазды. 2. Ол өзінің компьютер үстелінің шаңын сүртті. 3. Мен ағылшын тілінен мәтін аудардым. 4. Дәрігер науқастарға компьютерлік диагностика жүргізді. 5. Ол халықаралық жаңалықтар жөнінде жедел ақпарат алды. 6. Іскер клиенттермен, жабдықтаушылармен Интернет арқылы жедел қатынас жасады. 7. Демеуші музыкалық кітапхана ашып берді. 8. Бағдарламашы электр желісіне жүйелі қорапты қосты. 9. Туыстарым туған күніме арнап ноутбук сатып әперді.
түс /цвет/--Көк түс бірліктің белгісі.
түс /полдень./--Түс мезгілі болды, біз тамақ іштік.,
жүз / сто/ --Менде жүз теңге бар.
жүз /облик, лицо/--Суретте әдемі жүз бейнеленген.
жүз /одно из казахских племен/ --Батырлық жүз жеңді.
ат /лошадь /. Қорада күрең ат тұр.
ат /стреляй/ Арман, қасқырды ат, қашып кетеді.
ат / имя/ Менің атым Айжан.
күн /солнце/.Күн шықты, әдемі көбелектер ұшып жүр.
күн ара /через день/ Мен гүлдерге күн ара су құямын.
көз /глаз / Майраның көздері әдемі.
көз /ушко иголки/. Мен жіппен иненің көзін сабақтадым.
көз /источник родника /. Бұлақ көрсең -көзін аш -деген мақал бар.
2. -ар, -ер, -р және болымсыз етістіктен кейін -с жұрнақтары арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар-ар, көр-ер, айт-ар, сөйле-р, жургіз-ер, берме-с, көрме-с, айтпа-с т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -ар, жіңішке буыннан кейін -ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге -р, болымсыз тұлғасынан кейін -с жалғанады.
3. -мак,, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар-мақ, кел-мек, қара-мақ, сен-бек, жаз-бақ, кет-пек, жарат-пақ т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін -мақ, жіңішке буыннан кейін -мек жалғанады. Сөздің соңгы дыбысы мұрын жолды үңді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін -бақ, жіңішке буыннан кейін -бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -пақ, жіңішке буыннан кейін -пек жалғанады.
Ескерту: Бұл жұрнак етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды.
4. -атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары арқылы өткен шак есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т. б. Дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін -йтын, жіңішке буыннан кейін -йтін жалғанады.
Бұл жұрнақ — кұранды қосымша, -тын, -тін, бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол — -а, -ө, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара косымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.
Есімше тұлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздык мағына беріледі: барған емес, барар емес, бармақ емес, жоқ сөзі -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жок.