1.Жан-жануарлардың атымен берілген жер атауларын жазыңыздар.
2.Түрлі-түсті металл атымен берілген жер атауларын жазыңыздар.
3. «Арасында», «ортасында», «жанында», көмекші есімдерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
4. Монологті оқып, диалог құраңыздар.
Мен қазақ елінде туғаныма қуанамын. Біздің еліміз жерге бай. Оңтүстік өңір наурыз айында көктемгі егіске дайындалады. Ал солтүстікте қар жатады. Егер солтүстікте егін сеуіп жатса, оңтүстікте көкөніс жинап жатады. Сарыарқа даласы әр түрлі жан-жануарлар, құстардың мекені. Кең далада самал жел соғып тұрады. Мен үшін туған жерімнің тауы да, шыңы да, төбесі де ыстық.
Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.
Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.Судың денеге пайдалары:
Дене температурасын тұрақтандырады.Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.Денені жарақаттанудан қорғайды.Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:
Мидың жұмыс істеуі баяулайды.Қан қоюланады.Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.Нәжіс сары түсті болады.Іш қатуына(запор) себеп болады.