Оқылым Ғалымдардың болжамы бойынша, әлемде 2030 жылға таман бүгінгі
қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып, 186 жаңа мамандық дүниеге
келеді екен. Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы
әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып, 7 миллионнан астам жұмыс орны
қысқаратындығы айтылды. Себебі интеллект пен роботты техника дамиды
екен. Сарапшылардың айтуынша, болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген
сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технолгиялар адамдардың орнын
алмастырады. Бұл ретте ең алдымен, икемділік пен іскерлікке ереки на
басымдылық берілді. Сонымен бірге, ортаға жылдам, бейімделу және сабыр,
жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, тұрақсыздықтың алдын ала білу, білімін
үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болды. Ал ертеңгі
интеллектуалды болашақ мамандығының негізі – жан-жақты сапалы білім.
Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200-ден астам мамандық
түрлері бойынша кадрлар, 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды. Бұл
мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ. Ел
экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе? Ал еліміздің еңбек
нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс
істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды.
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
А) Жоо, мамандық болашақ
1) С-Адамдар, білім, студент.
2) А-Мамандық түрлері туралы.
3) С-Жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік, білімін үнемі арттыру сияяқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады.
4)-Сарапшылардың айтуынша болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді, себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады.
5)Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп, сол бағытқа қарай бағыттау, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу, оқушыларды терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуде еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
ИЛИ
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Ең алдымен адам бойындағы шынайылыққа, адалдыққа, адамгершілігіне көңіл бөлінеді.