В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
AlexandrooParrol
AlexandrooParrol
25.04.2023 08:47 •  Қазақ тiлi

1-таппсырма Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын/3/

құрастырыңыз.

«Бәйтерек» монументі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» - үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.

Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың түсі хамелеон шынылармен көмкерілген. Күннің шапағына шағылысып, әртүрлі түске құбылып тұрады.

2-тапсырма.

Мәтіннен Нұр-Сұлтан қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз.

Асқақтай бер, Астанам!

Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес.

3-тапсырма.

«Елордамыз Нұр-Сұлтанның көркеюіне менің де үлесім» деген тақырыпта көлемі 35-40 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин сөздердің қажеттісін қолданыңыз.
СОЧ

Показать ответ
Ответ:
Анкта
Анкта
29.06.2021 07:21
Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) – халық ақыны, Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836-1837) қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел ортасында жүрген Шернияз бұл қозғалыстың ұраншысы әрі ақыны болды. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң, Шернияз қуғындалды және оған қатаң бақылау қойылды. Осыдан кейін ол Баймағамбет сұлтанның қол астынан пана тауып, қалған ғұмырын осында өткізді. Ақын азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады, сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасады: «Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас», «Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай», «Исатай ел еркесі, ел серкесі», т.б. жырларын шығарды. Шернияздың «Ай, Қазы би, Қазы би», «Тостағанды қолға алып», «Ай жігіттер», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Көл қылып құдайым талай судай ағын», т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» көркемдігі аса жоғары туынды болып саналады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kirilzz623
kirilzz623
28.01.2020 13:34
Вроде так.за столом айтжан обвинила маму в чрезмерном употребление чая сказав -как ты много пьеш этот чай.
-не говори ты а обратюшайс на вы.-сказал ей отец Асхат
-но мой друг Сергей обращается к родителям на ты..разве обращение на ты используется при общение между близкими людми?
- у каждого народа есть свой обычай -сказал отец-нужно проявлять вежливость обращаясь к взрослому,к родителям на вы.Вы- это выражение уважение,почета.если к взрослому не обращятся на вы он возненавидит тебя как невоспитаного.
-а обращение на вы к людям любого возраста от мало до велико является обычаем узбекского народа- добавила добродушная мама.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота