В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
daniillopunov16
daniillopunov16
20.04.2020 14:15 •  Қазақ тiлi

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді. – Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай? – Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құдақұдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды. – Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады? – Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе. Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек. – Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе? – Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес. – Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті? – Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…
а) Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз. ( )

ә) Кестені толтырыңыз ( )

Автор көзқарасы қандай? Автор көзқарасы бойынша менің пікірім

2. Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды

Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз, оған тақырып қойыңыз. ( )


1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бө

Показать ответ
Ответ:
котейка52
котейка52
17.11.2022 13:13

З тапсырма

1) Су -тіршілік көзі адам денесінің шамамен үштен екі бөлігі судан тұратындығы белгілі.Адам корексіз бес-жеті апта өмір сүре алады. Ал сусыз бір аптадан артық тіршілік ете алмаймыз. Тәндегі су үнемі қозғалыста болып, жанарып тұруы тиіс.

2) суды да дұрыстап үнемдеп қолдану керек.

3) Суды үнемдеп пайдалану керек себебі су көзі бір күні таусылуы мүмкін.Жеміс пен көкөністі жуған кезде шүмектің астына ұстағаннан гөрі бір ыдысқа су толтырып жусаңыз, су үнемдейсіз. Осылайша ыдыста қалған суды гүл сулауда, балкон тазалауда да пайдалануға болады

МОЖНО ЛУЧШИЙ ОТВЕТ ✨✨✨✨

0,0(0 оценок)
Ответ:
Catherina4002
Catherina4002
22.08.2021 03:04

Аққулар ұйықтағанда - поэма. Авторы Мұқағали Мақатаев. Бұл поэма 1973 жылы жазылған.

Мазмұны

1 Қысқаша мазмұны

2 Шығарма кейпкерлері

3 Авторы туралы

4 Тағы қараңыз

5 Дереккөздер

Қысқаша мазмұны

Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.

Шығарма кейпкерлері

Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.

Бала - сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.

Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан а ң ата-анасына өтірік айтты.

Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.

Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.

Авторы туралы

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Ол 1975 жылы "Aққулар ұйықтағанда" поэмасын жазды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота