1. Көп мағыналы сөзді табыңыз. Жақындаса, таудың басында жалпиған бір адам отыр. А) Жақындаса Б) Обаның С) Адам Д) Басында Е) Жалпиған 2. Ұяң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз. А) Қант Б) Асық С) Көрік Д) Геолог Е) Қағазбен 3. Жуан буынды сөзді табыңыз. А) Әсемпаз Б) Әуесқой С) Дәріхана Д) Адам Е) Сәнқой 4. Қысқарған сөзге айналатын сөзді белгілеңіз. А) Біріккен сөздер Б) Америка материгі С) Егеменді ел Д) Берекелі Қазақстан Е) Америка құрама штаттары 5. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Жазғы жайлау Б) Жол торабы С) Сын және сынау Д) Жұлдызы қарсы болу Е) Таза жүру 6. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз. А) ә Б) е С) щ Д) ъ Е) к 7. Бірыңғай бітеу буынды көрсетіңіз. А) Қала Б) Дала С) Орақ Д) Қаспақ Е) Етік 8. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз. А) Әкеміз Б) Қасында С) Қамқоршы Д) Ауылда Е) Жақсысың 9. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз. А) Санақ Б) Табалдырық С) Кеншінің Д) Сепкіш Е) Ауылданбыз 10. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. А) Шұғыла... А) –ңқы Б) –лы С) –шақ Д) –ғы Е) –ы 11. Қыстырма сөзді анықтаңыз. А) УҺ В) Балам С) Бәрекелді Д) Амал қанша Е) Тәйт 12. Сұраулы сөйлемді табыңыз. А) Ол бізге келмеді Б) Ол бір қызық дәурен екен С)Үйде пеш жоқ Д) Басшыларың кім Е) Пай-пай, мына аттың семізін-ай 13. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз. А) Білгенге жол бос. Б) Жақсылық қасындағы үшеуге кезек-кезек қарады. С) Бейсен Жомартпен кейін қайтты. Д) Ескіге жаңа өлшеуіш Е) Әсетке әлденелерді айтып жатыр. 14. Күрделі сөзді көрсетіңіз. А) Биыл Б) Жаз С) Жаздай Д) Жаздық Е) Білім 15. Реттік сан есімді табыңыз. А) Бесеу Б) Жиырмадай С) Жүз он екінші Д) Елу-алпыс Е) Төрттен бір 16. Одағайды белгілеңіз. А) Найзағай жарқ етті. Б) Әке, айтқаныңыз дұрыс екен. С) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе? Д) Қорыта айтсақ, олардікі дұрыс. Е) Меніңше, ертең келерміз. 17. Үтірдің қойылу себебін табыңыз. Оқып білім ал, бөбек! А) Бірыңғай мүшелер В) Одағай С) Қыстырма сөздер Д) Оңашаланған айқындауыш Е) Қаратпа сөз 18. Ыңғайлас салаласты табыңыз. А) Олар көктемде еш босамайды. В) Жаңбыр жауды да, от өшті. С) Біздің сынып кең. Д) Ол біресе далаға шықты, біресе үйге кірді. Е) Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егіске түсіп кетті. 19. Күрделі анықтауышты табыңыз. А) Аласалау үйден түтін шығып жатыр. В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты. Д) Далада кішкентай балалар ойнап жүр. Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды. 20. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз. А) Талай сырды ақтырды. В) Мен елдің елшісімін. С) Рахмет күлді. Д) Біздің замандасымыз қандай екен? Е) Қазақстанның осынысы ұнайды. 21. Сұраулы сөйлемді табыңыз. А) Балам, тоқташы В) Апырай, желісінің қаттысын-ай! С) Сен болған шығарсың D) Аспан ашық Е) Алматы – Оңтүстік Астана
22. Шартты райлы етістікті табыңыз. А) Беліңді бекем буғайсың B) Содан кейін мені бір сына С) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз D) Теңді шештірме,үйге де әбігер болма Е) Атам келсе, арманым болмас еді. 23. Себеп-салдар шылауды табыңыз. А) Бүгін ерте келдік, бірақ жарыстан қалып қойдық . В) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды. С) Олар біресе ойнайды, біресе отырады. Д) Біз кешке сабақ оқимыз және тамақ жейміз. Е) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді. 24. Жалпылауыш сөз болатын сөз таптарының қатарын көрсетіңіз. А) Зат есім, үстеу, шылау. В) Есімдік, етістік, еліктеу сөздер. С) Сан есім, одағай, зат есім Д) Сілтеу, жалпылау есімдіктері, зат есім, жинақтық сан есім. Е) Сын есім, шылау, сан есім. 25. Сабақтас құрмалас сөйлемді белгілеңіз. А) Аспанды бұлт торлады. В) Мен биікке шықтым да, жасыл жайлауды тамашаладым С) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек. Д) Олар артына қараса, боталар қалып қойыпты. Е) Дала жып-жылы болып тұр.
ПАМАГИТЕ
Күйші туралы.
Күйші дегеніміз - ұлттық аспапта (домбыра, қобыз, сыбызғыда) күй орындаушы. Күйші дегенде алдымен есімізге Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей, Тәттімбет секілді атақты күйшілеріміз оралатыны сөзсіз.
Жалпы күй өнері қазақ халқына ғана тән өзіндік орындау мәнері бар өнер түрі. Күйшілер халықтың мұң - мұқтажын, арман - тілегін, өмірін , салт - дәстүрін ұлттық аспаптар арқылы көрсетіп отырған. Күйлердің тақырыптары да әр алуан болып келеді.
Бұрынғы кездері күйшілер күйлерді өздері шығарып, өздері халық арасында таратып отырған. Күйлер қобыз, домбыра, асатаяқ, шаңқобыз, дауылпаз, жетіген секілді ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.
Күйдің әуендік құрылысы мен ырғақтық - орындаушылық әдістері сан алуан болады. Мысалы, Құрманғазы күйлері екпінді, жігерлі келсе, Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Күйлер орындаушылық дәстүріне, қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке - төкпе және шертпе күй мектептеріне бөлінеді.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Объяснение: