4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар. 1. Түнерген қалың қара ағаштың іші. Әуемен таласқан биік ағаштар басын төмен салып тұнжырап тұр. Сартылдап жауған күз- гі жаңбырдың екпінімен бас сілкіп, жер солқылдатқандай салмақ- пен сілкініп қояды. Жазғытұрымғыдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да у-шу болып жатқан жоқ. Сымпылдап ұшып, шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып, шатты дауыстарымен сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері де естілмейді (С.Сейф.). 2. Тек жалғыз қиялы құлаққа кеп ап-айқын соғып бір жақындап, бір алыстап кететін шолпы сылдыры. Атқан таңның ал қызыл шапағындай үлбіреген қызыл шұғыласы. Көз алдынан сол жүз кетпейді (М.Ə.). 3. Күн ыстық. Көкшетау маңы. Балқыған, көктегі шыжыған қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге шашы- ратып, бүркіп, ойнап тұрғандай (С.Сейф.).
Қыс келді. Мектептерде қысқы демалыс басталды. Менде қысқы демалысқа шықтым. Қыс басталғанда барлығы ап-пақ түске айналады. Қысқы демалыста мен сыртқа шығып шаңғы тебем, шанамен ойнам. Балалар ақшақар жасайды. Қыста бәріміз жылы киініп,көңілді журеміз,өйткені қысқы демалыс кезінде Жаңа Жыл мейрамы болады. Мен қысқы демалысты өте жақсы көремін! Әр қыстың өз ерекшелігі болады ғой. Осы жылдың қысы мен үшін ерекше уақыт болды. Себебі, осы қыста қар көп жауды. Балалармен, қыздармен , сырғанақ тептік, анда бардық, мында бардық деп ойдан құрастырып жаза берсеңші, қиын емес қой. Қысқы демалыс маған өте ұнады, мен уақытымды жақсы өткіздім: далада көп серуендедім, коньки тептім, әжеме қонаққа бардым. Бірақ, мен тек ойнаумен және көңіл көтерумен шектелген жоқпын. Демалыста мен бимен айналыстым, сондай-ақ, ата-анаммен бірге Шучинскке демалуға бардым. Менің қысқы демалысым маған өте ұнады.
1.Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл - 31 желтоқсан 1985 жыл) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Туған күні: 22 наурыз 1902
Туған жері: Қазіргі Жаңажол ауылы, Жамбыл ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ресей империясы
Қайтыс болған күні: 31 желтоқсан 1985 (83 жас)
Қайтыс болған жері: Алматы, Қазақ КСР
Ұлты: қазақ
Мансабы: жазушы, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері
Бағыты: драматургия, проза
2. Қазақ солдаты
3. Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
Шеген – дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
Бораш - өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин - Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
Самед Абдоллаев – әзілқой жауынгер.
Семен Зонин - алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
4.прототипі – Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов