В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Ринат2006
Ринат2006
13.07.2020 19:16 •  Қазақ тiлi

1.Берілген сөздерге мәтіннен синоним сөздерді табыңдар:найдите синонимы к словам из текста. 1. Кісі - , 2. Шыншыл - , 3. Жұмыс – .

2. Философ А.Шопенгауэрдің қандай еңбегі бар?/Определите труд философа А.Шопенгауера.
A. «Қабуснама» B. «Дос жақсы»
C. «Ей, перзентім!» D. «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері»
3. Достықты берік ететін тірек./опора, которая скрепляет дружбу.
A. сенім мен жарқын көңіл
B. сенім мен махаббат
C. сенім мен шапағат
D. сенім мен қатынас
4.Сөйлемнің қазақша баламасын тап. /напишите перевод предложения .
Дружба начинается с доверия.
5. Сөз тіркестерін сәйкестендір ./ Установите соответствие.
1 ең ұлы сезім A дос іздейді
2 мұң-шерін тарқататын B адал қарым-қатынас
3 жалған достық C бір-біріне сенуінен басталады
4 шынайы достық D бірде бар
5 достық E достық

6. «Дос», «Достық» сөзінің біріне синквейн құрастыр. /Составьте синквейн одному из слов.
Бес жолды тақпақтың құрылымы
1. Тақырыпқа қатысы - бір зат есім/существительное по теме ( кім, не?)
2. Бірінші зат есімге екі сын есім/два прилагательных к первому существительному (қандай?)
3. Бірінші зат есімге қатысты үш етістік/три глагола к первому существительному (не істеді / істейді?)
4. Бірінші зат есімді суреттеп толықтыратын төрт кілт сөз/четыре ключевых фраз к первому существительному.
5. Тақырыпты сипаттайтын бір синоним немесе метафора (зат есім)/ синоним или метафора к первому существительному

Текст:
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыздар.
Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. (149 сөз)

Показать ответ
Ответ:
denispavlov12
denispavlov12
12.05.2023 06:37

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
nika1299
nika1299
07.01.2023 16:23

Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның осы мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен дараланған.

Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған геройдың характерін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады. “Ұшқан ұя” мен “Москва үшін шайқаста” әңгімеленетін оқиға тізбегінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогта геройдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота