Әлімжеттік - бұл адамға бір немесе оданда көп адамның тұрақты түрде психологиялық немесе физикалық қысым көрсету. Мен үшін бұл жердегі кілт сөз тұрақтылық. Жалпы психологиялық тұрғыдан қарасақ, кез келген басынушы жәбір көрсету барысында жәбірленушіден ыза, қорқыныш немесе қынжылыс сезінгісі келеді. Егер де басынушы екінші жақтан қалағанын сезіне алса, бұл осымен тоқтайды деп үміттенбеңіз, яғни әлімжеттік тұрақты және одан да күшейе түседі. Көп жағдайда әлімжеттіктің құрбандары, осындай қысымдарды жүрегіне жақын қабылдайтын адамдар. Әлімжеттікті 3 топқа бөлсе болады:
1. Физикалық қысым. Бұл қол күшін жұмсау, қарапайым итеру, қағып кетуден басталып, ұрып соғуға дейін баруы мүмкін.
2. Эмоционалды қысым. Бұл адам ұлтына, нәсіліне немесе әлеуметтік, физикалық ерекшеліктеріне байланысты шеттету, бөлектеу.
3. Экономикалық қысым. Бұл ақша тартып алу немесе жекеменшікті бүлдіру