Органикалық қосылыстардың барлығының құрамында көміртек атомы бар. Көміртектен басқа сутек, оттек, азот, т.б. элемент атомдары болады. Кейбір органикалық қосылыстардың құрамына күкірт, фосфор, галогендер және металдар кіреді. Ал бейорганикалық қосылыстарды біріктіретін бір ортақ элемент жоқ.
Органикалық химия — көмірсутектер мен олардың туындыларының химиясы.
Органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар.
Органикалық қосылыстарда көміртек атомдары өзара жалғасып, құрамына көп атом топтары кіретін тізбек құра алады. Сонымен қатар көміртек атомдары бірімен-бірі түзу тізбекті, тармақты, тұйықталған цикл түзіп те байланыса алады.
Тізбек құрамындағы көміртек атомдарының саны әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар көміртек атомдары өзара жай (дара) және еселі (қос, үш) байланыстар арқылы байланысады.
Органикалық қосылыстар санының өте көп болуы көміртек атомының жоғарыда айтылған ерекше қасиеттеріне байланысты.
Органикалық заттар, негізінен, көміртек және сутек атомдарынан тұратындықтан, араларындағы байланыстар коваленттік (полюссіз немесе полюсті) болады. Сондықтан органикалық заттарға мынадай қасиеттер тән:
олар — бейэлектролиттер немесе әлсіз электролиттер;
органикалық заттардың арасында реакциялар баяу жүреді (иондардың арасындағы реакциялардың тез жүретінін білесіңдер);
органикалық заттар молекулалық құрылымды болғандықтан, қайнау және балқу температуралары төмен болады;
органикалық заттар қызуға төзімсіз, салыстырмалы төмен температураның өзінде (кейде тіпті 100°С-қа жетпейтін) айырылады;
оттек қатысында органикалық заттардың бәрі дерлік жанады. Көміртек атомдарының арасындағы байланыстар үзіліп, нәтижесінде, көміртек (ЫВ) оксиді түзіледі немесе күйеленеді (көмірленеді) және су түзіледі.
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді.

Объяснение: