Әр елдің өзінің астанасы болады. қазақстанның жүрегі де астана. ол есіл өзенінің жағасында орналасқан. дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - астана. астана қазіргі еліміздің арқа сүйер ел ордасына айналды. бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз нұрсұлтан әбішұлы назарбаев. ол көптің жүрегінен орын алған . астана қазақстандағы ең көркем қалалардың бірі болып саналады. біз барлық елге астанамен мақтана аламыз. және тағы бір мақтанышымыз ол expo- 2017. ол да астанада өткен болатын. оны жан-жақтан 10 млн-нан астам тамашалады. оған кеткен қаражат та біраз болды. қазіргі кезде астанада түрлі-түрлі әсем ғимараттар бой көтеруде. ол да біздің жетістіктеріміз және қазір астанада әртүрлі ұлт өкілдері тұруда. ол біздің достығымыздың белгісі. астананың жүрегі - бәйтерек. ол астанадағы ең биік ғимараттардың бірі. онда тағы басқа парламент пен үкіметке арналған әкімшілік ғимараттар бар. хан шатыр мен думан мәдениет сарайлары, спорт кешендері де бар. ол қазір жылдан-жылға өсіп көркейіп келе жатыр.мен астананы мақтанышпен «әсем қалам - астанам» деп айта аламын. перевести на язык!