1. Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді? *
А) 5
В) 2
С) 4
D) 3
2. Күрделі сөздің неше түрі бар? *
А) 5
В) 2
С) 4
D) 3
3. Қос сөз түрлерін тап. *
А) қайталама, қосарлама
В) біріккен, тіркескен
С) қос, қысқарған
D) барлық жауап дұрыс
4. Қосарлама қос сөздерді белгіле. *
А) қора-қора, әлсін-әлсін
В) әрең-әрең, ерте-кеш
С) бала-шаға, мая-мая
D) ата -ана, ыдыс - аяқ
5. Кіріккен сөздерді тап. *
А) таңертең, жолбарыс
В) қолғап, биыл
С) жаздыгүні, тасбақа
D) биыл, ертең
6. «Екібастұз» сөзі қай күрделі сөз тобына жатады? *
А) кіріккен
В) біріккен
С) тіркескен
D) қосарланған
7. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынуы арқылы жсалған қысқарған сөзді белгіле. *
А) ТМД
В) колхоз
С) медбике
D) ДТ-54
8. Тіркесті сөздер қандай сөз табынан жасалмайды? *
А) есімдік
В) сан есім
С) сын есім
D) етістік
9. Үстеуден жасалған тіркесті сөзді тап. *
А) ауыл шаруашылығы
В) барып келе жатыр
С) алпыс бес мың сексен үш
D) таң атқаннан кеш батқанша
10. Күрделі сөз дегеніміз не? *
А) екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздер
В) синтаксистік қызметі бірдей сөздер
С) сын есімнен ғана тұратын сөздер
D) екі не үш сөздің бірігуі арқылы жасалған сөздер
1-B
2-C
3-A
4-D
5-B
6-B
7-C
8-A
9-D
10-A