Күн көзін жауып, айнала одан сайын қараңғылана түсті. Сәлден кейін күн күркіреп, найзағай да жарқ ете қалды.
Содан кейін жаңбыр шелектеп құя жөнелді. Найзағай әл-
сін-әлсін жарқылдап, күн күркіреуін қоймады.
Анықтаңдар:
Бұл табиғаттағы қандай құбылыс?
• Мұндай жағдайда сендердің әрекеттерің қандай?
• Мұндай табиғат құбылысынан қорғану үшін қандай
орынды таңдайсың? Ол үшін нені ескерген дұрыс?
2-жағдай. Қатерлі боранның жақындап келе жатқаны
туралы ауа райы қызметкерлері Жалпақсай ауылының
тұрғындарын хабардар етті. Бұл жағдайда адамдар қан-
дай қорғаныс жұмыстарын жасауы керек?
1-жағдай. Сен түстен кейін досыңмен бірге балық аулау-
ға бардың. Осы кезде аспанды бұлт торлай бастады. Бұл