Метан (лат. Methanum) - Газ түріндегі көмірсутек CH4, метанды немесе парафинді көмірсутектері тізбегінің алғашқы мүшесі.
Метан (СН4) - түссіз, иіссіз, ауадан 2 есе жеңіл, суда өте нашар еритін жанғыш газ. Метан табиғатта өсімдік пен жануар организмдері қалдықтарының ауасыз жерде ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Сол себепті, метан батпақты суларда, тас көмір шахталарында кездеседі. Сондықтан оны "батпақ газы" немесе "кеніш газы" деп атайды. Табиғи газдың құрамында негізгі құрам бөлігін метан 80-97% құрайды.

Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы: 0,53
Молярлық массасы: 16,04 г/моль
Балқу температурасы: -182,49°С
Қайнау температурасы: -161,6°С