Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді.Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.
Күй - домбыра және басқа аспаптарда халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.