1. Сыныптағы 28 оқушының 75% - і спортпен айналысуды ұнатады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысуды ұнатады?
2. Қоспаның 90% - і темір, қалғаны никель. Массасы 51 кг қоспаның
құрамында қанша темір, қанша никель бар?
3. Оқушы кітаптың 70% - ін оқығанда, кітапта әлі 42 бет оқылмай қалды.
Кітапта барлығы неше бет болған?
4. Сырдария өзенінің ұзындығы 2220 км. Оның 37% - і шетелдер
арқылы, қалғаны Қазақстанның жері арқылы өтеді. Сырдария өзенінің
Қазақстанның жері арқылы өтетін бөлігінің ұзындығын табыңдар?
5. Компьютерде терілетін шығарма 75 бет. Компьютерде теруші бірінші
күні осы шығарманың 21 бетін терді. Компьютерде теруші бірінші
күні шығарманың неше процентін терді? Шығарманың неше проценті
терілмей қалды?
Көөмектесіндерші өтінем
1. 28×75%=21 оқушы
2. 51×90%=45,9 кг темір
51-45,9=5,1 кг никель
3. 42 бет - 30%
х бет - 100%
х=42×100/30
х=140
Кітапта 140 бет болған.
4. 2220 км - 100%
х км - 63%
х=2220×63/100
х=1398,6
Қазақстан жері арқылы өтетін ұзындығы 1398,6 км.
5. 75 - 100%
21 - х %
х=21×100/75
х=28
100%-28%=72%
Бірінші күні 28% терді, 72% терілмей қалды.