В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Arina0557
Arina0557
25.07.2022 23:25 •  Литература

Эссе "сүйінбай айтыс өнерінің алтын діңгегі" 60-70 сөзден кем болмауы тиіс. өтініш көмектесіп жіберіңіздерші!

Показать ответ
Ответ:
Еленаелец77
Еленаелец77
26.08.2020 19:58
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай –озық ойлы, өткір тілді айтыскер ақын.

Білімділік: Ақынның өмір жолы, туған өлкесі, жүрегінен жарып шыққан

туындыларының тақырыбы, өткір тілді өлеңдерімен әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы тұрғаны қақында;

Дамыту: «Екейде елу бақсы, сексен ақын» демекші 60 жыл бойына үздіксіз халқының мұңын жоқтап, айтыста дес бермеген жүйріктігімен халық құрметіне бөленіп, кейінгі ақындарға үлгі болғандығын дәріптеу,

Тәрбиелік: Мұражайынаралап, рухани құндылықтар туралы көргендерімен бөлісу,оны құрметтеуге шақыру.

Сабақтың түрі: семинар сабақ

Көрнекілік:Ақын суреті, слайдтар,қажетті дәйексөздер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру (ақынның өміріне шолу жасату, өлеңдерін жатқа оқу)

Үй тапсырмасын қорыту үшін сұрақ – тапсырмалар

1.Сүйінбай Аронұлының елі,руын атайық.

2.Ақынға ақындық, шешендік қайдан дамыған, қалай ойлайсыңдар?

3.Ақынның жастайынан жетім қалып, көп қиындық көргені туралы қай ақын не деп еді?

Жаңа сабақ.ХХ ғас-дың 30-жылдарынан бастап, 80- жылдардың соңына дейін 60 жылдан астам үздіксіз жырлаған, тілінің өткірлігімен,туған елінің ары мен ұжданы,бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен,момын шаруаның мүддесін қорғаған,халықтар достығы мен туысқандығын жырлағаназамат ақындардың бірі – Сүйінбай Аронұлы.Ол қарапайым халықтың арасынан шыққан,сол ұяны жанындай жақсы көрді.Бар ғұмырын,өнерін соларға арнады.Оның өлеңдерінің күші де халықтық сипатында болса керек,әрі Күсеп атасынан бері жыршы,қобызшы болған Сүйінбайдың да шешен,айиыскер ақын болмауы мүмкін емес те еді.Ақындық Сүйекеңе жастайынан дарыған.Ол туралы өзі «Түс» өлеңінде айтып кетеді. -Бір оқушы Шүйбек байдың қойын бағып жүргендігі туралы айтып,өлеңді жатқа оқиды.

Ал ақынныңелжандылығын «Әділеттік орнаса» өлеңіндегі :

Халықты тілмен қорғадым,

Сөз шындыққа келгенде,

Бас кессе де болмадым.

Құтылып жарлы кеткенше,

Зорларды сөзбен торладым, - дегенінен –ақ байқауға болады.Бұл тұста Сүйінбайдың тілегі мен өлең мақамының Абайдың:

Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! - деген жолдарымен сарындас болып келетінін айту керек.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Литература
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота