Рахман бұлағы қорықшасы Шығыс Қазақстан облысының Катон Қарағай ауданы жерінде, ауданы- 109 га. Қорықша Алтайдың орталық бөлігінде орналасқан. Оның құрамында бал қарағай мен самырсыннан тұратын Алтай тауының тайгалық ландшафтылары енеді. Әсіресе 1738 м биіктікте тау арасында орналасқан Рахман көлі тамаша табиғатымен таңдандырады. Көлден Арасан өзені ағып шығады. Сәл төменірек тау беткейінен сарқырап құлап ағатын көптеген бұлақтары бар. Сондай тау аңғарларының бірінде кремнийлі минералды суы бар Рахман бұлағы орналасқан. Ыстық судың температурасы 40 градусқа дейін жетеді және олар гранит-тақтасты жыныстардан ағып шығады.
"Еңбек етсен ерінбей тояды қарнын тіленбей" деп ұлы Абай атамыз айтқандай , адамды адам қылған осы еңбек! Қаізргі заман ағымында қол қусырып отырсан, сен өмірден қалып қоясын.Қоғамға , ал ең бастысы өзіне зияндық жасайсын. Адам жетістікке жеткенде ғана өзінің адамдық қасиетінт жоғарлатады , ал ол үшін көп тынбай жұмыс істеу керек. Иә ,иә күнімен ғаламторда отырып алтынға тең уақытынды құр босқа жұмсағанша орнынан тұрып іс қыл! Сонымен қатар а өзі жасап жатқан жұмысын шын ниетімен орындап жан -тәнімен жақсы көруі тиіс !