Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадатханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Мәтін бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ құрастыр.
Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.