Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде, біз санаулы жылда адам айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арналған Жолдаулары, еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс-тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
Көгілдір аспан. Күн шайдай ашық. Зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып, еш уйамсыз қалыптап ұшып жүр. Еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлде алшақ болуын біз, келер ұрпақ, халық, баршамыз жаппай – тұрмай тілейміз. Бұл – Қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.Мен Қазақстанымды Заңғар Көкке теңеймін. Ал, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты аспан әлемімен халыққа нұрын сеуіп тұрған күннің көзіне теңеймін: «Жүзі үнемі шырайлы, жылу береді, ең бастысы – мәңгілік». Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында. Біздің облысымызда да елеулі өзгерстер болып, «еңбек майданы» қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше дамуда.
Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,
Отаныңды – іргеңде
Не жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, мен шетсіз де шексіз, бай, рухани құндылықты нәр тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын.Тарыдай болып кірген алтын ұя-мектебімнен таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат-міндеттерім айқындала түсуде. Қазақ атты елім барда, Нұр ағадай елбасым барда мен жаңа өмір есігін сеніммен ашамын, алғашқы қадамымды нық басамын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық сласы нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.
Қазақстан, Қазақстан алтын күн, Жанымызды жарылқайтын жарқын күн. Аталдың сен барлық әлем тілінде, Атыменен қазақ деген халқыңның. Қазақстан елім менің берекем, Татулыққа тұтқа болған жыр мекен. Жер жаҺанға шашу болып шашылсын, Арайланған Тәуелсіздік мерекем. «Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра, ұрпаққа-ұран болып келе жатыр. Ұлт –азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында, біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен, олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды. Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.