Жазылым2-тапсырма. тақырып бойынша қажет материалдарды жинап, «мен ақын» деген тақырыпта эссе жаз.эссені жазуға бағыт: 1. кіріспе бөлімбір абзац: «ақын» деген — кім? ақын қоғамға қажет пе? мені не толғандырады? іі. негізгі бөлімекі абзац: мен ақын болсам, ең алдымен қандай мәселеге назар аударар едім? неліктен ол мәселені көтеремін? дәйектеп жазу.одан кейін қандай мәселені айтар едім? неліктен ол мәселені көтеремін? дәйектеп жазу.ііі. қорытынды бөлімбір абзац: мәселені шешудің жолын көрсетемін. одан қоғамға қандай пайда келетінін айтып, ойымды тұжырымдаймын.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.