ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар өмірі» деген тақы-
рыпта эссе жаз.
Талаптар:
• Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен
құрылуы шарт.
• Тақырыптан ауытқымаған дұрыс.
• Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет.
• Сол кездегі балалар өмірі туралы нақты деректер болуы тиіс.
• Өзіндік тың пікірлер келтіру керек.
• Баяндау стилі нақты болуы шарт.
• Мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестерді ұтымды қолда-
ну қажет.
• Көлемі - 100-150 сөз.
Объяснение:Туристік-рекреациялық ресурстар қатарына: курортты немесе емдік демалыс (минералды су, тау баурайы, орман іші, теңіз жағалауы), сауықтыру (ландшафты климат жағдайлары, қолайлы жыл мезгілдері, суға түсу маусымы), спорттық-альпинистік (тау тізбегі, қия жарлар, шатқалдар немесе шөлді-шөлейтті, халық сирек орналасқан жерлерге) және экскурссия-туристік (тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштер, табиғаттың көрікті орындары, этнографиялық нысандар, мұражайлар, бірегей таңқаларлық техникалық құрылыстар) нысандар жатады.[1]
Ғалым Боқаш – 1976 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Шығыстану-үнді филологиясы" бойынша үздік дипломмен, Оксфорд университетін "Оңтүстік Азия тарихы мен саясаты" бойынша MPhil дәрежесі бойынша тәмәмдаған.
ҚазҰУ-да урду және хинди тілдерінің оқытушысы, "Қазақ әдебиеті" газеті мен "Хабар" агенттігінде шығармашылық қызмет, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында шығармашылық және басшылық қызмет, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі болып қызмет атқарған.
2010 жылғы сәуір айынан бері "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" корпорациясының қазақ қызметінде онлайн-продюсер.
Ғалым Боқаштың 16 жастағы кезі
"16 жасыма хат"
"Сәлем, бозбала Ғалым!
Болашақтан хат жазып отырған – 37-ге толған өзің. Жеке өміріңе қатысты алдыңнан шығатын барша қуаныш пен қиындықты тізіп сақтандыра бергім келмейді - өйткені бәрібір өз қалауыңа сәйкес қимылдайтыныңды білем. Өмірлік тәжірибенің мәні де сол - өз қолыңмен жасаған қателіктен сабақ алып, өз күшіңмен жеткен табысты тиімді етіп жұмсау.
Бірақ құп көретін болсаң, өзіңе айтар бірнеше өтінішім бар.
Бірінші өтінішім - әке-шешеңнің ең бір қиын шешім қабылдайтын кезінде екеуіне бірдей сүйеу бол. Отбасылық және туыстық қарым-қатынаста бірінікі жүз пайыз дұрыс, екіншінікі жүз пайыз теріс, қарама-қарсы екі жақ болмайтынын; бір-біріне байланған көп жақ болатынын ерте түсінуге тырыс. Ол жақтар ажыраған сайын сен де кеми түсесің. Ал ол жақтар жақындай түскен сайын сен де толыға бересің.
Екінші өтінішім - өзіңе жақын болуға ұмтылған барша жақсы жандарды әр алуан жеке дүниетанымдарына қарамастан айнала дос тұт. Бір аңыз бойынша замандастары Ескендір Зұлқарнайыннан оның осыншама табысқа жетуінің сырын сұрапты. Сонда Ескендір айтыпты: "Оның сыры біреу-ақ. Дұшпандарыма әділ болдым, көпшілігі серігіме айналды. Серіктеріме адал болдым, көпшілігі досыма айналды".
Үшінші өтінішім – мамандық таңдаған кезде соңғы сәтте шешіміңді күрт өзгертпе. Сенімсіздік пен "Қазақстанда оқуы жоқ екен" деген сылтауды ысырып тастап, бірден өзің ойлаған шетелдік университетке құжат тапсыр. Бала кезіңнен көкейіңде жүрген арманыңнан айныма. Өзіңе сен, саған болашақтан хат жазып отырған "өзіңе" және сен – астроном болу, сол арқылы көкейіңдегі ең басты сауалыңа жауап табу қолыңнан келеді.
Төртінші өтінішім – екеуміз ғана білетін "бала махаббатың" қалыптастырып кеткен биік идеалды әр бейнеден бір табуға тырысып, өзіңнің де, өзгенің де жүрегін ауыртпа. Қиялыңдағы қыз 27-ге толған кезіңде өзі-ақ ойламаған жерден кезігеді. Сипаттарын жаза алмаймын. Оның қажеті де жоқ. Өйткені ол адамға ешқандай себепсіз ғашық боласың".
Құрметпен, өзің
2013 жылғы қарашаның 3-і