Жазылым. Тапсырма «Елбасы еңбегі – ертеңгі бағыт» деген тақырыпта жанрлық ерекшелігін сақтап (100-120 сөз) мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қойылуын ескеріңіз.
Жағдаят: Тұңғыш Елбасы күні мерекесіне орай жергілікті газет бетіне Елбасының ел болашағы үшін атқарған еңбектерін насихаттап мақала жазғыңыз келді.
Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта, мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс, мемлекет шекарасы, халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017.
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.