Жазылым Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін (М) қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.
Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.