Жазылым Берілген екі сурақтың бірін таңдап, тиісті шаошыға қанат белгісін қойыңыз.
1. Заң - қоғамның тірегі
Мұғалім сынып оқушыларына мынандай тапсырма ұсынады: Сіз осы заманда заңды білмесеңіз, өз құқығыңызды қорғай аласыз ба? Қазіргі заманда заңды білу қажет пе? Әр жағдайда дәлелдер келтіре отырып, өз құқығыңызды қорғай білуіңіз керек деген ойыңызды өрбітіп шағын мақала жазыңыз, Мақалада тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазыңыз.
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - Тәуелсіз Қазақстанның
айбынды мейрамы
Тұңғыш Президент апталығы аясында сіз мүғаліммен тұңғыш Президент Мұражайына бардыңыз. Мұражайда өзіңізді қызықтырған мәселе жөнінде «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эссеңізде мезгіл, мекен үстеулерін қолданыңыз.
Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (9-12 сөйлем). Тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрап айтыңыз.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Заң адамға не үшін қажет?
2. Конституциясының маңыздылығы неде?
3. Тұңғыш Президент туралы мәлімет.(1. Мінездеме беріңіз.
2. Жеке қасиеттерін айтып өтіңіз.
3. Өмірдегі жетістіктеріне тоқталыңыз.
4. Сіз Н. Назарбаевтан қандай үлгі алар едіңіз?)
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.