Жазылым Бұл бөлімде 2 сұрактың біреуіне жауап жазыңыз. Жауапты тиісті стильге келтіріңіз. Жазба
жұмысында демеулік шылауларды тиімді пайдаланып, сөздерді орфографиялық нормаға сай
жазып, қосымшаларды дұрыс жалауға мән беріңіз, сөйлем ішінде, сонында қойылатын тыныс
белгілерін орынды қолданыңыз.
Автор екеуміздің ойымыз бірдей емес, мысалы, мен мәтіннің мазмұнын, оның стилін, түрін, оқиғаның мағынасын толығымен қайта жаза алатын едім.
1.Мен айтар едім, тек табиғатқа, жануарлар мен құстарға ғана емес адамдардың өзіне де қастандықтар сол адамның өзімен жасалуда,- дер едім. Бұған кім кінәлі, әрине адам кінәлі. Адамның тойымсыздығы, қанағатсыздығы, ішітарлығы кінәлі. Адам адам болып жаратылғалы жер бетінде қаншама өзгерістер болуда. Алғашқы адамдар, жан-жануарлар, табиғаттағы өсімдіктер, тау-тастар, өзен, көлдер қайда кетті. Жойылды. Оның орнына "Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан"- дегендей бәрі жаңадан пайда болуда. Адамдар табиғатқа зиянды заттарды ойлап табудан тиылар емес. Мысалы: алуан түрлі химиялық заттар, газдар ауаны да, суды да бүлдіреді. Ал, табиғаттағы тіршілік иелерінің сусыз, ауасыз күн көретіндері жоқ. Ол болса бұл адамның қастандығы емей не?
Мына, жаңа технологиялар орнымен пайдаланбаса адамның өзіне тікелей зиян келтіреді. Адамзат, ойланайық, өмірді бағалайық, жауыздыққа жол бермейік!
2.Бала өмірдегі ең сезімтал жан. Енді өсіп,енді жетіліп келе жатқан кезі.Ата-аналар бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлуі керек.Өйткені бала естігенін өскенде істейді. Балардың мақсатты болуы үшін балаға ең алдымен өтірік айтпау керек.Өтірік айтсаң бала осы қылықты есінде сақтап қалады. Баланы үнемі бастаған ісін соңына дейін жеткізіп үйрету керек. Себебі бала сол кезде мақсатты бола алады.