Жазылым Адам бойындағы қасиеттерді негізге алып, сипаттау, суреттеу эссесін жазыңыз. Эссенің
кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтаңыз.
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңда пта диалогке құрыңыз (әр білім алушыға 2 минут).
Сөйлеу кезінде орфоэпиялық заңдылықтарды сақтаңыз.
1) Тұмар ханшайым туралы аңыз
2) Су – тіршілік тірегі
3) Мектеп кітапханасында
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O