ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Елбасының сөзінде айтылған жағдаяттарға сәй-
кес мәтін құра.
«Әрбір аймақтағы, әрбір ауылдағы елді мекеннің, ауылдың,
таудың, өзеннің тарихын, сол жерлердегі әдет-ғұрыптарды қайта
жаңғыртып, жазып алса деген ойды мен бұрын да айтқанмын.
Әрбір елді мекендердің тарихына байланысты есте қалған қан-
дай аңыздар бар? Олардың басқаша емес, дәл осылай аталуы
неліктен?»
(Нурсултан Назарбаев)
деп
пен
тір
жа
тін
қа
ба
Он
Қазақ елінің тарихында, аса бір елеулі оқиғалар кезеңінде, халықтың тағдырына қайраткерлік қызметімен үлес қосқан тұлғалар тағылымы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік өнеге болып сақталады. Қазақ қай заманда да төл тарихын, ата-тегін ауызша шежіре арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Қазақ халқының бір ерекшелігі, халық өміріндегі әрбір елеулі оқиға мен құбылысын ой безбеніне салып, оны саралап, түйінін түйіп отыратын билердің жасаған іс-әрекеттері мен айтқан биліктері, кесімді сөздері ел жадында ұзақ сақталады.