ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Б. Сүлейменовтің «Күннен келген адам» атты шығармасы
мен Мағжан ақынның өлеңінде қандай ұқсас ойлар бар? Пікір
алмасыңдар. Сөзді бастау, жалғастыру, аяқтауға қатысты сөз орамда-
рын (салеметсіңдер ме, өте жақсы, менің ойымша, мен де құптаймын,
ойың ете қызық екен, маған ұнады және т.б.) қолданыңдар.
Сөзден құрастырып , пікірлі әңгіме шығару үшін жұмсалатын зат-сөздер. Топырақтан иленіп, кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып, сөз жасалған; кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан , кірпішінен, әсіресе, қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе, сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса , сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Сәулет өнерпазы қиялға неғұрлым бай болса, салған үй де соғұрлым сәулетті, әдемі болып шығатыны сияқты, жазушы қиялға неғұрлым бай, пікірге шебер болса, шығарған сөз де соғұрлым пікірлі, әсерлі, әдемі болып шықпақ.
(160 сөз)
Әр адамның білімге немесе білімді еркін құқығы бар. Орташа білім бе, әлде жоғары білім бе ол өз құқылы. Дегенмен де, әр адам білімді болуға тиісті. Бірақ алғашқы білім, яғни мектеп білімі міндетті түрде болу керек. Ал одан ары жоғарғы білім адамның шамасына қарай. Мүмкіндігі болса, оқиды, мүмкіндігі болмаса, басқа өмір жолын табады. Оқушы мектепте жақсы оқыса, онда ол жоғарғы оқу орындарына "гранд" бойынша түсе алады. Мен мектепте не үшін оқып жүрмін, өйткені ертеңгі болашақта өз еліме пайда әкелі үшін оқып жүрмін. Оған қоса өзімнің және өзімнің ұрпағым үшін оқып жүрмін. "Оқусыз білімің жоқ, біліміңсіз күнің жоқ" дейді қазақта. Сол үшін мен мектепте оқып жүрмін.