ЖАЗЫЛЫМ 5 тапсырма. Мен «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» деген тақырыпта шығарма жаздым. Шығармамда Қазақстанның тәуелсіздік алған күні, еліміздің тәуелсіздігін мойындаған елдер туралы жаздым. Еліміздің мемлекеттік рәміздері, бүгінгі таңдағы Қазақстан жайлы жаздым. Шығармамда 15 сөйлем жаздым. Ол қандай сөйлемдер жазды деп ойлайсың? Жазып көр. . 3-4 предложения
Тәуелсіздік-қазақ елі үшінжарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн.«Тәуелсіз елім» деген жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Тәуелсіздік-қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Айта берсе жалғаса берер еліміздің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарымыздың ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Объяснение: