Жазылым. 3-тапсырма. Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз. [10 б]
1. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі жарқын сәттерін баяндайды. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. «Мәңгілік ел» идеясы бізді ұлы мақсаттарға жетелейді. Мақсатқа жетудің жолында ойыңызды дамыта отырып, «Мәңгілік ел – менің елім» тақырыбында мақала жазыңыз. Жазылымда орфографиялық, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. (70-80 сөз)
2. Болашақ ғарыш қырандарымен кездесу
Ақтөбедегі даңқты ұшқыш, Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарының оқу жаттығуларын орындау шарасына қатыстыңыз. Жергілікті газетке осы шарадан өзіңіздің көрген, алған әсерлеріңізді сипаттап, пікір жазыңыз. (60-70 сөз
Ғарыш
Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Мен жұлдыздарға қарағанды жақсы көремін! Жылтылдап тұрған ғажайып шамдар кез-келген адамды таң қалдырады. Оларға қарап ерекше шабыт, ұмтылыс сеземін. Мені: «Бұлттардың артында не бар?» деген сұрақ қызықтырады. Бұл сұраққа жауап беру өте қиын, өйткені, ғалам өте үлкен, оның нақты мөлшері ешкімге белгілі емес. Біз оның аз бөлігін ғана зерттей аламыз, себебі, технологиялық мүмкіндіктеріміз шектеулі. Астрономдар, заманауи телескоптардың көмегімен, басқа ғаламшарлар мен жұлдыздарды үнемі бақылап отырады. Осы зерттеулердің нәтижесінде, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Біз Күн жүйесі жайлы және метеориттер мен кометалардың қалай пайда болатыны туралы білеміз. Бүгінгі күнде, ғарышта көптеген жасанды жер серіктері бар, олардың көмегімен теледидар, телефон және радио байланыстары жүзеге асырылады. Болашақта, Жер сияқты тіршілік иелері өмір сүретін планета табылады деп ойлаймын.
Ғарышқа ғарышкер ұшыру – әр мемлекет үшін қайталанбас тарих. Әр ғарышкер үшін де солай. Кейбір шетелдердің ғарышкерлері ғарышқа туристік мақсатпен қас-қағым сәтке ұшуы мүмкін. Олардың ғылымға қосатын еш пайдасы жоқ. Ал біздің үш ғарышкеріміз де Қазақстанның ғылымын дамытуға ерекше үлесін қосты. Қазақтың қайсар, батыр халық екенін дәлелдеген ғарышкерлеріміз бұл салаға кездейсоқ келген адамдар емес.
Объяснение:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үшінші ғарышкеріміз –Айдын Айымбетовке еліміздің ең жоғары марапаты – «Халық қаһарманы» атағын берді. Және оған «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы да қоса берілді. Осылайша, Айдын Айымбетовтің тәуелсіз Отаны, барша отандастарының келешегі, Қазақстан ғылымы үшін сіңірген өлшеусіз еңбегін лайықты бағалады. Өйткені, ол еліміздің, халқымыздың асқақ мәртебесін жаһан елдері алдында тағы бір рет көтерді.