ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шақ тұлғасында қолданып, сөйлем құра. Сөйлемнің мағынасы қалай өзгергенін айт. таныс, шектелме.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.
Қазақстанда 130 дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады . бұның барлығы тату тәтті бір мемлекеттің астында тұрады . Бұл біріншіден көреген президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы . Қазақ халқы бұрынғы заманнанда бауырмал , қонақжай болған . Олар сонау ерте заманның өзінде достықты бірінші орынға қойып бағалаған . Достық туралы , достары туралы қазақтың ақын жазушылары қалам тербеген , мақалдар мен мәтелдері шығарған . “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. т.б
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.
Халқымызда үйлену салтына, жаңа туған сәбиге байланысты, қонақ күту мәдениеті туралы маңызы мен мәнін әлі күнге жоймаы келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.
Қазақ халқы бұрынғы заманнанда бауырмал , қонақжай болған . Олар сонау ерте заманның өзінде достықты бірінші орынға қойып бағалаған . Достық туралы , достары туралы қазақтың ақын жазушылары қалам тербеген , мақалдар мен мәтелдері шығарған . “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. т.б