В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
DEMON8800
DEMON8800
16.06.2020 04:20 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 2
-тапсырма.
Қазақстан картасын қара. Ондағы жер-су атауларына назар аудар. Сол атаулар мен
төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін
құрап жаз. Өздеріңе таныс емес сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен анықта.
Табиғаты ерекше, айдын көл, сұлу өзен, асқар тау, кең дала, он қорық, «Әнші құм», шөл дала,
көркем мекен, анаңдай қорғау, көздің қарашығындай сақтау, «Қызыл кітап», экологиялық
Мәдениет.​

Показать ответ
Ответ:
mayzernik
mayzernik
20.08.2020 11:22

Объяснение:

Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.

Су күнделікті шөлімізді ғана қандырып қоймай, сонымен қатар суда жүзіп, жаттығу жасаған ағзамызда едәуір пайдалы. Мысалы, суда жаттығу жасау тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға да жағымды әсер етеді екен. Жалпы су жаттығулары барлық қан - тамырлар жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Yuliy5321
Yuliy5321
06.06.2023 12:09

қыстың желтоқсан жұлдызы. қар көптен жауып, нағыз қыс болды. күн әбден қысқарған. күннің көзі көрінсе де жылынбайды. өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. қалың қардан шөптің басы көрінбейді. қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. ң өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. сабаққа мезгілімен жүретін ң да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота