ЖАЗЫЛЫМ
(10-тапсырма. Сан есімнің мағыналық түрлерін беріп
сөйлемдермен сәйкестендіріп жаз.
1)Реттік сан есім
2)Болжалдық сан есім
3)Жинақтық сан есім
4)Есептік сан есім
5)Бөлшектік сан есім
6)Топтау сан есім
1)Жаңа оқу жылында кітапханашы
мектепке 3000 оқулық әкелді.
2)Көрмеге жан-жақтан жүздеген адам
келді.
3)Бір қатарға он-оннан тізіле қалды.
4)Сендер төртеусіңдер.
5)Есептің жауабы екі бүтін оннан үш.
6)Біз үшінші қабатта тұрамыз.
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2 метрге жетеді. Бір қызығы – түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағарда көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Ондағы дөңгелектер саны кейде екеу, кейде төртеу болып келеді. Қойбағар таңбалы тасы- Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер. Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы Сызған кеңшарының оңтүстік-батыс жығанда Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700м биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Қойбағарда 1200-ден астам суретті қойтас бар. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен, жабайы аңдар мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы 1-2м-ге жетеді. Бір қызығы - түйелердің бір-біріне байланып жүгіріп келе жатқан суреттері. Қойбағардан көбірек кездесетін суреттер тобына арба дөңгелектері жатады. Қойбағардың түйеге жегілген арбаларының дөңгелегі кейде екеу немесе төртеу болып келеді.