ЖАЗЫ 8 х4 ORDUTIM -Тапсырма, Мәтінді тыңда. Оқы. Сәлем, достар! Менің атым Әлібен. Мен сендерге өз отбасымды таныстырамын. Бұл менің отбасым. Менің отбасым да басқа қазақ отбасылары секілді үлкен. Менің отбасымда атам, әжем, әкем, анам, ағам, інім, қарындасым бар. Бәріміз бірге тұрамыз. Қазақ отбасының жақсы дәстүрі көп. Олар: жасы үлкен адамға жол беру, төрге отырғызу, қарсы сөйлемеу, қызды сыйлау. Үлкендер жасы кішілерге қамқоршы болады, кеңес береді, ақылды болуды үйретеді. Қазақ отбасында жасы үлкен адамды ерекше құрметтейді. Әкем маған: «Үлкенді құрметте кішіге қамқор бол!» - дейді. Мен де атам мен әжемді, әкем мен анамды, ағамды құрметтеймін. Ал ініме, қарындасыма көмектесемін. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, қолөнерге, ақша табуға, қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқуға үйреткен. Қазақ дәстүрі бойынша, үйде, көшеде ер адамдар бір-біріне қол беріп аманда- сады. Жасы кіші адам үлкенге «Ассалаумағалейкум!» деп амандасса, үлкендер: «Уағалейкумсалам!» деп жауап береді . Ал мектепте, қоғамдық орындарда ер адам- мен де, әйел адамдармен де «Сәлеметсіз бе!» деп амандасады. Адамдарды таныстырғанда үлкенге кішіні, әйел адамға ер адамды бірінші таны- стырады. Ондай кезде: «Танысып қойыңыздар», «Таныстыруға рұқсат етіңіздер!» – деп айтады. Мен өз отбасымды жақсы көремін, қазақ отбасының дәстүрлерін құрметтеймін, сақтаймын. Матіндегі қарамен жазылған сөздерді сөздік дәптеріңе аудармасымен жазып ал.
Туған жер... Осынау бір өзіңді еліктіріп әкетерлік сөздің мағынасы қандай тереңде жатыр десеңізші, шіркін... Дүниеге шыр етіп келген сәттен ата-анаң жүрегіңнен ойып тұрып орын алатын болса, ес жиып, былдырлап тілің шыққан кезде жаныңа жақыны – туған жер. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деген халық даналығы осы тұста тауып айтылғандай. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де, кіндік қаның тамған жердің ауасы ерекше, желінің лебі ыстық емес пе?! Отанға деген сүйіспеншілік әрбіреуімізді үлкен істерді атқаруға, биік шыңдарды бағындыруға жетелейді. Бойыңды кернеген қажымас қайрат пен кең көңіл қиындыққа мойымай, өз жолыңды табуда басты қызмет атқарады. Туған жеріңнің өркендеуі мен дамуына, гүлденуіне бала күннен титтей болсын үлес қосу – біздер үшін үлкен нәтиже.
1)Жақсы сөзбен, жағымды іспен тез табысуға болады.
2)Бөтен адаммен кездескенде сыпайы амандасып, сыпайы сөзді аяқтаған жөн.
3)Сөзді кейде тура мағынамен кейде ауыспалы мағынамен түсіну керек. Себебі сөзді түсіну үшін дұрыстап сөзге мəн беру керек.
4)Сəлем деген сөз амандасуды білдіреді.Онсыз сөз бастауға болмайды.
5)Амандасу бір юіріне жағымды болып көрінеді.
6)Иə қуат береді, себебі ол адаммен тез тіл табыса алады.
7)Иə көрсетеді əрқашан шындық айту жақсылыққа апарады.
8)Əрқашан ойланып сөйлеу керек, ойланбай сөйлеу тығырыққа апарады.