В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
даряя1
даряя1
12.12.2021 22:32 •  Қазақ тiлi

Жазайық 6. а) Сурет бойынша шағын әңгіме жаз. Қоршаудағы сөздерді
қолдан.
Үлгі: Бүгін Сәуле ерте тұрды. Терезеге қарады. Күн
ап-ашық, жарқырап тұрды. Айнала тып-тыныш болды.
Ағаштың жапырақтары да қозғалмады. Жел жоқ.
Жаттығу жасау, күн, дала, жылы, үйге қарай жүгіру,
терезеден қарау, түске жақын, күн райы, қолайсыз
болу, ұнау, ұнамау, су болу, құлау, жел, күркіреу.​

Показать ответ
Ответ:
artiom726
artiom726
04.06.2020 12:28
Менің болашағым! Осы адамдар болашак десе менің ойыма бірден қандай мамандық иесі болатыным сап ете қалады. Алла қаласа 1 жылдан сон ҰБТ тпсырамын. Ол ҰБТ- дан мен міндетті түрде жоғары бал алуым керек. Маған ата-анам, туған- туысқандарым, бәрі үміт артып отыр.Үміттерін ақтауға тырсамын. Ол үшін жаксы, сапалы білім алуым керек. Өмір қысқа, білім коп. Сондықтан уақытты боска кетірмей, түн мен бос уакытымның қадірін білуым керек! Мен болашакта бала дәрігері боламын.Кішкентай сүп- сүйкімді балаларды емдеп, кембағал балдарға арналған емханалар ашып, олрдын ауыруларына шипа болатын емдер ойлап табамын
0,0(0 оценок)
Ответ:
gre4g3g4
gre4g3g4
22.01.2022 06:18

Әлемнің көне жеті кереметінен Мысыр пирамидасы ғана сақталған. 2007 жылы қолдан жасалған ескерткіш болып табылатын әлемнің жаңа жеті кереметі анықталды.

1. Ұлы Қытай қорғаны

Әлемнің ең ұзын қорғаны Қытайда орналасқан. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы 8850 километрден асады. Бұл Жер радиусынан да ұзын. Қорған құрылысы б.з.д. ІІІ ғасырда салына бастады, екі мың жыл бойы қытай халқы қорған құрылысын жалғастырып, оны одан әрі ұзартты. Қытай қорғанының кей жерлері эрозияға ұшырап, қираған. Саяхатшылар арасында ең танымал жері Бадалин Мао Цзе Дун заманында күрделі жөндеуден өткен. Бадалин Бейджин (Пекин) қаласынан 75 километрден қашықтықта орналасқан. Қорғанға Қытай астанасынан темір жол және автобус арқылы қатынауға болады.

2. Колизей

Б.з.д І ғасырда салынған Рим қаласындағы Колизей әлемдегі ең үлкен амфитеатр болып саналады. 50 мыңнан астам көрерменге жоспарланған Колизейде бірнеше ғасыр бойы гладиаторлық айқастары мен Рим тұрғындарына арналған мерекелік іс-шаралар қойылған. Қазіргі кино құрылымындағы сюжет бойынша Колизейде өткізілетін гладиаторлық айқастар көлемі жағынан екінші орын алатын Тунистегі амфитеатрда түсіріледі. Колизей жақсы сақталмағандықтан, түсірілімге жарамайды.

Рим қаласында болған саяхатшылардың барлығы Колизейге соқпай кетпейді. Колизей тек Рим қаласының нышаны ғана емес, күллі Италия елінің көрікті жеріне айналды. Колизей – Еуропада орналасқан жалғыз әлемнің жаңа кереметі.

3. Мачу-Пикчу

Көне әлемдегі жеті керемет Еуропа мен Азия құрлықтарында орналасса, жаңа кереметтердің географиясы кеңейіп, тізімге Америка да қосылды. Оңтүстік Америкадағы асқар тау баурайында Мачу-Пикчу қаласы орналасқан. Теңіз дейгейінен 2,5 километр биіктікте орналасқан бұл қала 400 жылға жуық өмір сүрді. Белгісіз себептермен 1532 жылы инктер қаладан жырақ кеткен. Ал испан конкистадорлары биікте орналасқан қалаға шыға алмады.

Америка ғалымдары ғибадатханалардың қираған үйінділері, екі қабатты үйлер мен қоймалар сақталған бұл қаланы 1911 жылы тапқан. Мачу-Пикчуға жету оңай емес. Агуас-Кальентес қалашығына дейін пойызбен, одан әрі автобуспен қатынайды.

4. Петра

Петра – биік тас үйінді жартаста орналасқан Иордания қаласы. Әр кезеңде қала әр түрлі шапқыншыларға тиесілі болды. Б.з.д идумей, набатей, бертін келе орта ғасырда Рим, Византия, Араб шапқыншылары жаулап алды. Әр тарихи оқиға қала сәулет өнеріне өзіндік жаңа айшықтарын әкелді. Қала шөлді даланы кезіп жүрген керуен сарай жолаушыларына арналған демалыс орны болатын. Тар каньонда керуеншілер шөлдерін қандырып, ұзақ сапарға аттанғандар өздеріне молынан су толтырып алатын. Жартастағы ойылған үйлер мен ғибадатханалар суық күндері пана болатын. Көне қала бұл күндері саяхатшыларды өзінің айшықтарымен таң қалдыруда. Петра қаласында танымал "Индиана Джонс и последний крестовый поход" киносы түсірілген.

5. Тадж-Махал

Әлемнің дәстүрлі жеті кереметінің қатарында Галикарнастағы кесене бар. Жаңа кереметтердің қатарында да кесене бар. Ол – Үндістанның Агра қаласында орналасқан Тадж-Махал. Бұл кесенені ΧVІІ ғасырдың ортасында Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне салған. Мумтаз-Махал 14-ші баласын дүниеге алып келген кезде өмірден өтеді. Айналасы субұрқақтарға толы саябағы бар, ақ мәрмәр тастардан қашалған ғимарат жыл сайын 5 миллионға жуық саяхатшы қабылдайды. Үндістан астанасы Дели қаласынан автобус немесе пойыз арқылы Агра қаласына барып, Тадж-Махалды көруге болады.

6. Христос мүсіні

Рио-де-Жанейро қаласында бой көтерген Христос мүсіні темірбетон мен сабынды тастан қашалған. Қолдарын екі жаққа қарай жайған Христос биіктігі 38 метрге дейін жетеді. Мүсін құрылысы 1922 жылы басталып, 9 жылға созылды. Жыл сайын бұл мүсінді көру үшін Бразилия еліне 300 000 адам келеді. Коркаваду тауында орналасқан Христос мүсініне кішкентай поезд арқылы немесе эскалатор арқылы көтерілуге болады.

7. Чичен-Ица

Мексикада орналасқан Юкатан түбегінде Чичен-Ица аталатын көне қала бар. Майя өркениетінің дамуы барысында бұл жер мәдени және саяси маңызды рөл атқарды. Бірақ, белгісіз себептермен Чичен-Ица қаласы иесіз қалды. Испан конкистадорлары құпия жерге қатысты барлық манускрипттерді жойып жіберген. Биіктігі 30 метрге жететін 9 сатылы Кукулькана пирамидасы Чичен-Ица қаласының басты нышаны болып табылады. Пирамида ішінде ягуар бар. Мысыр елінің пирамидаларымен салыстырғанда Кукулькана айтарлықтай кішкентай.

#ӘЛЕМ

#ЖЕТІ КЕРЕМЕТ

#ЖЕТІ

Объяснение:

брат подписай мне и лайк оценка

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота