Жазайық
5. сыныптасыңа кеңес бер. постерді безендір.
үлгі:
сыныптасым, сабағыңды жақсы
оқы. шыншыл және адал бол.
ешқашан өтірік айтпа. тартіпті,
мейірімді, жомарт бол.
сыныптасым, сабаққа ерте кел.
сабырлы, тәртіпті бол. рұқсат-
сыз сабақта телефон ұстама. өз
ісіңе жауапты бол.
1895 жылы итальян ғалымы Маркони ұзақ қашықтықтан радиотолқындар арқылы байланысуға болатынын, яғни сымсыз байланыстың бар екенін дәлелдеді. Осылайша өмірге радио келді. Өзге де ғалымдар мен өнертапқыштардың еңбегінің арқасында радиотолқындар жер шарының барлық бөлігінде пайдаланыла бастады. Әлемнің ең таңдаулы қалаларында радио стансалар орнатылды. Адамдар радиохабарлар дәуірінің басталғанын білді. Жер бетінің түкпір-түкпірінде әр отбасы басқа жақтағы жаңалықтар мен қызықтардан хабардар болып отырды. Уильям Шокли кішкентай электронды құрылғы – транзисторды жасап шығарды. Ол радио және басқа құрылғылардың қақпағын тез ауыстыруға мүмкіндік берді. Шотланд ғалымы Джон Бэйрд 1926 жылы теледидарды жасап шығарды. Енді адамдар экрандағы бейнелерді көрумен қатар, олардың дауысын да еститін болды. Бүгінде теледидар адамдардың пікір алмасатын, әлемдік жаңалықтарды, спорт оқиғаларын тамашалауына мүмкіндік беретін басты құрал болып тұр. Қазіргі күнде жетілген интерактивті және интернет теледидарлар бар. Жасанды жер серіктерінің арнайы тобы теле байланыстарды ұстау үшін қызмет етеді.
Объяснение: