Құрбақа (лат. Bufonidae) – құйрықсыз қосмекенділер отрядының бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған (тек Антарктидада кездеспейді). 21 туысы, 300-дей түрі белгілі. Бұлардың көзінің арт жағында құлақ маңы безі жақсы дамыған, үстіңгі жақ сүйегінде тіс болмайды. Артқы аяғындағы саусақтарының ұшы жартылай жарғақпен байланысқан.
Кәдімгі құрбақаның терісі бұдырлы, мүйізді болатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Кәдімгі Қүрбақаның денесінің ұзындығы 20 см, орманды-далалы аймақтарды мекендейді. Жасыл құрбақаның денесінің ұзындығы 14 см-дей, орманды-далалы алқаптарда, биік тауларда да (4500 м-ге дейін) және шөлді жерлерде тіршілік етеді.
Теледидар — телехабарбағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеушідыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіруезі теледидар әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарынкүшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. 20 ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескоптытеледидарлардың орнын сұйықкристалды, плазмалы теледидарлар басты. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.