В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
shintasovazeba
shintasovazeba
20.09.2021 17:01 •  Қазақ тiлi

-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз. Бейресми 1. 50-ге / ауылында / шын жүректен / Далақайнар / енді / біріміздің / өнегелі /
ізетті / ініміз / Әбілхан / Тоқтыбековты /ұлағатты ұстаз / ердің / біріміздің /
асқар / жасы / келген / мерейтойымен / ақкөңіл / Жамбыл облысы / Шу
ауданы / тұратын / таудай ағамыз / отбасы / құттықтаймыз!
2. Сәуле / өсіріп / отбасыларыңыз / аман / апай / қызығын / зайыбыңыз /
екеуіңіздің / әрдайым / отырған / мәпелеп / болып / ұл-қыздарыңыздың /
көріңіздер.
3. Ағамызға / қуаныштар / тілейміз / денсаулық / мол-мол / жақсылықтар /
алдағы / өмірде / мықты / қайрат / мен қажымас.

Показать ответ
Ответ:
katecat20171
katecat20171
09.06.2023 19:35
Талғаммен киіну мәдениеттілік белгісі. Осыған келісесің бе?

Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.

Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?

Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.

Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.

Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?

Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.

Оның өзі де әр түрлі шығар?

Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.

Ойынға киетін киімдер тағы бар.

Олар да әр түрлі ме?

Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.
0,0(0 оценок)
Ответ:
tima3002
tima3002
10.10.2021 09:25

Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.

Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің ке­ремет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еу­ропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсі­ресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.

Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам фи­ло­софиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып кел­ді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы ру­хани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.

Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трак­таттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб ті­лі­нен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бү­кіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шы­ға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ой­лауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәр­биеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ре­нессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еу­ропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бас­тау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Ба­тыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Ба­тыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.

Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары дең­гей­де болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иж­ди­хад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мә­селелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота