Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар, радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның адами құндылықтарының жойылуына себепші болады. Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді. Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына, жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлі-зайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады. Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс түрінде көрініс табады.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды. Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады, адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз, дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі?
Бұқаралық ақпарат құралдарының кері әсері
Бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Бұқаралық ақпарат құралдарыны
все подходит вроде, но я первое написал
Объяснение: