«Жануарлар кез келген жерден табылады. Суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз
салсақ та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда
да зиянды жәндіктердің өмір суретіні мәлім» деген ақпаратты
пайдаланып, пікірталасқа түсіңдер.
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Батырлар туралы
Батыр дегеніміз - Отанын, елін жаудан шапқыншылықтан қорғап, жанын пида етуге дайын тұратын адам. Әр заманның өз батырлары бар. Бұрынғы кездің батырлары қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Наурызбай батырлар болса, Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқынан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батыр ұл - қыздар шыққан. Олар қасық қандары қалғанша Отанын қорғап, жау алдында төтеп берген. Мен өз елімнің батырларын мақтан тұтамын, олармен мақтанамын! Бейбіт заманда өмір сүріп жатқаным сол батырлардың арқасы.