І. Жансүгіровтің « Көзіңнен айналайын тостағандай , Қияр ем сені неғып тастағанға - ай . Басыңды итке неге иіскетейін , Ерте - кеш құшақтамай жас баламдай ! » - деген өлең жолдары саған қалай әсер етті ? Автор стиліне сүйене отырып , өз сезіміңді бір шумақпен немесе қарасөзбен жаз .
Кішкене қамқоршылар.
Бүгін сейсенбі.Кішкентай Самат сыныптастарымен жалғыз басты әжейдің үйіне барады.Қарттар күніне орай кішкентай қамқоршылар әжейге үй іші мен сыртын тазалап,жинауға кірісті.Қыз балалар әжейдің еденін тазалап,бар ыдысын жуып,жиһаздардың шаңын сүртіп те берді.Ал Самат бастаған ұлдар тобы сыртты қоқыстан тазартты,құлап қалған жерлерді тұрғызған еді.Балалар әжейдің мерекесімен құттықтап,әжейден ақ батасын алып,үйлеріне тарады.Кішкентай қамқоршылар әжейдің үйіне мереке күндері де келіп тұрады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады