Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлемдерді ажыратыңыз.
Басқа қалаға жүк тасу туралы өкім шығарғысы келмейді, себебі машиналардың жанармайы жоқ. Олар кеше өкім шығарды. Дәл осы арада, жарты сағаттың ішінде өкім шығаруым керек. Құрылтайшылар үкіметтің жаңадан шыққан өкімі туралы сөйлесті. Тәртіпті көтеру үшін, өкім шығару керек. Тәртіп бойынша өкім шығарғым келеді. Қалалық әкімшілік сенбілікке шығу туралы өкім шығарды. Салық комитетінін шығарған өкімін орындау керек, өйткені қатал шара қолданылады.
1. Зат есімді табыңыз.
Д) Немере
2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз
С) Рақ - мет
3.Тура мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз
А) Басым ауырды
4. Көп мағыналы сөзді белгілеңіз.
В) Аяқ
5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз
Жақсы сөз -
Д) Жарым ырыс
6. «Момын» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз.
А) Қой аузынан шөп алмас
7. Сын есімді табыңыз
В) Айнадай
8. Туынды сын есімді белгілеңіз.
Д) Атақты
9. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз
С) Ара
10. Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді көрсетіңіз.
Е) Ағайын – алтау, ана – біреу
11. Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
A) Қайдан келдің, бауырсақ?
12. Сан есімді табыңыз
В) Бесеу
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторларын атаңыз
С) Ш. Уалихан, Ж.Мәлібекұлы
14. Өздік есімдікті табыңыз
А) Өзім
15. Одағай сөзі бар сөйлемді табыңыз
D)О, бәрекелді, мынау қандай ер еді !
16. Белгісіздік есімдікті табыңыз
Е)Біреу
17. Жіктелген зат есімді көрсетіңіз
Д) Дәрігермін
Е) Баламын
18. Берілген сөздерден синоним сөздерді көрсетіңіз
С) Ауру, сырқат
Е) әдемі,сұлу
19. “Ұстаз” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
С) Оқытушы, мұғалім
20. “Тегін” сөзінің антонимін жазыңыз.
Е) Ақылы