-Cәлем, Айдана! - Сәлем, Нұрлан! - Айдана, мен сені түскі асқа шақырайын деп едім, келесің бе? - Туған күнің бе? -Иә, достарымды шақырайын дегенмін. - Құттықтаймын! Жақсы, келейін, рақмет! Мекенжайың? - Абай көшесі, 15 үй, 58 пәтер. - Көп қонақ шақырдың ба? - Жоқ көп емес, тек ең жақын достарымды шақырдым. - Сағат нешеде? - Сағат бірде.
Или другой диалог Сәлем Айдос! - Сәлем Жарқын! Қайда барасың? -Асханаға бара жатырмын. -Қай асханаға? -Шәкәрім көшесінде студенттер асханасы бар. - Ол асхана тамағы дәмді ме? - Иә дәмді? - Бағасы қымбат па? -Жоқ, арзан. - Мен де сенімен бірге барайын. - Жақсы, кеттік.
Жыл мезгілдері туралы мақал - мәтелдер:
Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Туған ай, тураған етпен тең.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Су аққан жерінен айнымас.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Қыстың көзі қырау.
Шағала келмей жаз болмас.
Шаңқан келмей, боз болмас.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Сәуір болса, күн күркірер,
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.