Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар. Диаграмманы толтырыңдар. сақтар мен сарматтардың өнерінде а
стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болка
б. з.б. vii — vi ғасырларда шыққан аң стилі
жасалған бұйымдар орта азия, казакстан
сібір, оңтүстік-шығыс еуропа аумағында
табылды. көшпелілер алғашқы боп
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар
мен тұтыну бұйымдарын жасаған. үзеңгіні
алғаш рет көшпелілер қолданған. ауыр, тау
семсердің орнына қайқы қылышты алғаш
жасаған. ерлердің шалбарын көшпелілер
өте ерте кезде ойлап тауып, бірінші болып
киген. алғашқы боп алтын киім киген, алғашқы боп ат әбзелдерін алтынмен аптап, күміспен күптерген. алғаш рет тағы жылқыны қолға үйреткен.
Алты құрлықтың алыбы Еуразия даласында жыл құсындай жосыла көшкен көшпенділер туралы пікір көп. Ғалымдардың бір тобы көшпенділік мәнін ұлы даламен байланыстырса, Еуропалық әдебиеттің басым бөлігі «жабайы варваларға» теңеді. Ал көшпенді халықтың жасаған жорықтары тек «жабайы варварлардың басқынышылығы» деп бағаланды. Ал көш туралы әлі де болсын көңіл көтеретін еш пікір айтылмады. Бар болғаны қазіргі Африка халықтарынң сәл ертеректеу жасаған миграциясы болып шықты. Шын мәнінде осылай ма? Алып Еуразияның кіндігінде көшпенді бабаларымыз бағытсыз, мақсатсыз көшіп-қонып жүре берген бе? Бірнеше тәулікке созылған көштің бар болғаны миграциялаудың «сыпайы» түрі болып шыққаны ғой? Тым болмаса көшпенділер тұрмысы әлемдік өркениетке тамшыдай болсын үлесін тигізді ме? Осы сұрақтарға көшпенділердің заңды жалғасы ретінде жауап беріп көрейікші.
Не үшін көшті?
Осы жерде керемет бір парадокс бар. Отырықшы ел - өз-өзін аман сақтау үшін егістігін кеңейтіп, тамақ таму үшін тұрғылықты жерінде тұрақтап қалу керек. Ал көшпенді халыққа керісінше, тамақ табу үшін көшу қажеттілігі туды. Бірақ бұлай десек, көшпенділерді нағыз қанағатсыз, ал көштің – «қарын тойдыру» мақсатында жасалған әрекет деген ойға қаламыз. Алайда ең бірінші көштің көшпелі тұрмыстың қиындығынан туғаны сөзсіз. Әрине әртүрлі географилық ортаның әсері мен климаттың өзгеруін жоққа шығара алмаймыз, ол анық. Бірақ көшудің негізгі факторларының бірі – табиғи ресурстарды сақтау десек қалай қарайсыз? Ал көшпенділер нағыз табиғи, экологиялық жүйенің қорғаушылары дегенге сенер ме едіңіз?Сену қиын, алайда отырықшы халыққа қарағанда, көшпенділер көбірек экологияны сақтап қалды. Ал көш сол жүйені іске асыратын алтын көпір болды. Мысалы отырықшы халық бір аумақта, атамекенім деп 30-40 жыл, не одан да көп жылдар бойы тұра беруі мүкін. Егін егін егіп, бау-бақша салу үшін жердің шүйгінін, топырақтың құнарын таңдайды. Бірақ бірнеше ғасырдан кейін сол құнарлы топырақ эрозиясының қайта түзілуі үшін тағы бірнеше ғасыр күту керектігін білетін шығарсыз? Ал көш тұрмысындағы көшпелілер топыраққа да, жерге де, ғасырларға созылатын зиян келтірмеді. Керісінше қол жануарлары өсімдік тұқымының жаңаланып отыруына себепші болды. Арғы бабаларымыздың «жер-ана» деп қастерлеп, жер асты байлығы мен ресурстарына қол созбаудың мәні осында болса керек. Сол себепті көшпенділерге «атамекеннен» гөрі, «ата қоныс» деген ұғым жақын болды.
Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралдарының біріне айналған. Біздің елімізде де велоспорт жақсы дамып, күнделікті жұмыс пен сабаққа велосипедпен барып келетіндердің қатары көбейіп жатыр. Егер сіз бұрын-соңды велосипед теуіп көрмесеңіз, елден қалмай, бұл денсаулыққа пайдасы мол, көңілді сергітетін спорт түрімен айналысып көріңіз.
Мамандардың айтуынша, велосипед серуендерінің мынадай жағымды жақтары бар.
Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады.